• Главная
  • 23 жастағы жігіт пневматикалық тапаншадан оқ атқан
СҚО ПД
17:25, 14 октября 2021 г.
Надежный источник

23 жастағы жігіт пневматикалық тапаншадан оқ атқан

СҚО ПД
23 жастағы жігіт пневматикалық тапаншадан оқ атқан

Полицейлер Петропавл тұрғынынан пневматикалық тапаншаны тәркіледі. Ол қарудан  көңіл көтеру орындарының бірінің маңында оқ атқан, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Полицейлердің мәліметінше, оқиға 3 қазанға қараған түні болған.  Петропавл ҚП екінші полиция бөлімінің кезекші бөліміне қаланың көңіл көтеру орындарының бірінің жанында пневматикалық тапаншадан оқ атылғаны туралы хабарлама келіп түседі. Куәгерлердің айтуынша, мас болған жас жігіт қақтығыс кезінде  ауаға екі рет, содан кейін басқа адамның кеудесіне бір рет оқ атқан. Шақырту бойынша келген полицейлер 23 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Алынған калибрі 4,5 мм  пневматикалық тапаншасы баллистикалық сараптамаға жіберілді. Жәбірленуші сот-медициналық сараптама жүргізуден бас тартты.

- Егер адамға қарсы пневматикалық қаруды қолдану туралы хабарлама расталмаса, тапаншаның иесі қала ішінде пневматикалық қарудан оқ атқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сонымен бірге, атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттерді және өзге де суық қаруды қолданып немесе қолдануға әрекет жасап жасалған бұзақылық үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге шектеу не бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға әкеп соғады. Барлық солтүстікқазақстандықтарды заңнама талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, - деді Петропавл қ.ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Тағы да оқыңыздар: Кітапхана қоры жаңа 300-ге жуық түрлі жанрдағы шығармалармен толықты

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ПД #тапанша #оқ атты

Комментарии

Объявления
live comments feed...