ХАЛЫҚ САНАҒЫ
16:49, 19 октября 2021 г.
Надежный источник
Халық санағына байланысты облыс әкімі үндеу жасады
ХАЛЫҚ САНАҒЫ
Ұлттық халық санағының аяқталуына 11 күн қалды. Мамандардың сөзінше санақ жүргізу барысында бұл жұмысқа жұмылдырылған 500 интервьюер кейбір қиындықтарға тап болуда. Мәселен, тұрғындар есіктерін ашпай, өздерінің жеке басына, отбасына, мүлкіне қатысты сауалдарға ақпарат беруден, онлайн санақтан өткені туралы хабарламаны көрсетуден бас тартады. Осы ретте өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов облыс тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Қазіргі таңда өңірдегі халық саны 540 мың тұрғынды құрап отыр. Соның 300мыңы санақтың дәстүрлі форматына қатысса, 173 мыңы онлайн өткен.
Халық санағы мемлекеттік басқаруда шешуші рөл атқарады. Бүгінде бұл әлемнің көптеген мемлекеттерінде елдің бірыңғай портретін жасаудың жалғыз құралы. Осы ретте Солтүстік Қазақстан облысында сауда үйлер, дүкендер, мемлекеттік мекемелер мен базарлардың аумағында санақтан өту үшін 88 аранйы орын ашылған.
-Санақ нәтижелері экономикалық болжауға, әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге, құрылыстың және басқа да салалардың даму векторын анықтауға қолданылады. Бір сөзбена йтқанда, мұның бәрі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жасалып отыр. Мен, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын халық санағына белсенді қатысуға шақырамын. Сіздің науқанға қатысуыңыз отбасыңыз бен балаларыңыздың болашағын айқындайды- деді өз үндеуінде облыс әкімі.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Партия «Ауыл» содействует в трудоустройстве молодежи СКО
Трудоустройство
18:46
Вчера
18:05
Вчера
17:24
Вчера
15:53
Вчера
12:08
Вчера
Уличные зоны обслуживания появятся на улице Конституции Казахстана после реконструкции
Благоустройство
11:12
Вчера
ТОП новости
В Петропавловске студент колледжа рассказал, почему выбрал профессию строителя
Год рабочих профессий
Объявления
15:16, 9 января
live comments feed...
Комментарии