МӘДЕНИЕТ ҮЙІ
16:52, 20 октября 2021 г.
Надежный источник
Петропавлдағы мәдениет үйінің төбесі опырылып түсті
МӘДЕНИЕТ ҮЙІ
Нысан осыдан 9 жыл бұрын күрделі жөнделген болатын. Апаттық жағдайда тұрған сахна залының қашан жөнделері белгісіз, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Петропавл қалалық мәдениет үйі 1930 жылы ашылған. Ескі ғимараттың төбесіндегі бетон тіреуіш майысып, бір бөлігі құлап қалған. Жапа шеккендер жоқ. Ұжым директорының міндетін атқарушы қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Ол аз болғандай журналистерді ғимараттан күштеп қуып шықпақ болды.
Апаттық жағдайға байланысты нысан жұмысы уақытша тоқтатылды. Әкімшілік құрамнан басқа қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеуде. Өйткені төбенің қалған бөлігі құлауы әбден мүмкін.
-Екінші қабаттағы дыбыс операторының кабинетінің асты құлады. Ешкімге кіруге рұқсат жоқ. Басшылық оны қатты қадағалауды тапсырды. Жоғарғы қабатқа да көтерілуге болмайды, - дейді күзетші Жұмаш Тұрсынбаев.
Мәдениет үйінде 2012 жылы күрделі жөндеу жасалған еді. Шығармашылық ұжымдармен қатар мектеп жасындағы балаларға арналған 25 үйірме жұмыс істеп келген болатын. Қазір 546 бала жетекшілерімен бірге қаладағы басқа орталықтарға барып жүр.
-Тіреу майысып кеткен. Сараптама жасалды. Төбені қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Сараптама дайын болған кезде облыстық бюджеттен қаражат сұраймыз. Қала қазынасында ондай ақша жоқ. 105 млн теңге қажет. Жөндеу жұмыстарының басталуы сараптамаға байланысты. Мәдениет үйі қатадан қашан іске қосылатынын дөп басып айта алмаймын, - дейді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.
Петропавлдағы мәдениет нысандарының басым көпшілігінің ғимараты ескі. Қазақстадағы ең көне театр саналатын Н.Погодин атындағы орыс драма театры да осы шаһарда орналасқан.
Тағы да оқыңыздар: Пәтерінде марихуана өсірген жігіт ұсталды
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Партия «Ауыл» содействует в трудоустройстве молодежи СКО
Трудоустройство
18:46
18:05
17:24
12:08
Уличные зоны обслуживания появятся на улице Конституции Казахстана после реконструкции
Благоустройство
11:12
ТОП новости
Рабочие профессии в тренде: в СКО дан старт масштабному проекту
Год рабочих профессий
Объявления
15:16, 9 января
live comments feed...
Комментарии