• Главная
  • Қадір түнін қалай өткізу керек?
Қадір түні
19:36, 19 мая 2020 г.

Қадір түнін қалай өткізу керек?

Қадір түні
Қадір түнін қалай өткізу керек?

Мамыр айының 20-на қараған түні мұсылман қауымы Қадір түнін қарсы алады. «Қызылжар» мешітінің наиб-имамы Айтуған Тойбазар 7152.kz тілшісімен сұхбаты барысында қасиетті түнде қандай амалдар жасаған дұрыс екенін баяндап берді.

Қадір сөзі қайдан шыққан?

Қадір сөзі араб тілінен аударғанда тағдыр деген мағынаны білдіреді. Сол себепті Қадір түнде сол жылы болатын барлық істер, өмір мен өлім, ризық-несібе және тағы басқа үкімдер белгіленеді. 

- Бұл шариғатымыздағы қасиетті түн. Осы уақытта жасаған құлшылықтарымыз 83 жылдық сауапқа пара-пар, - дейді наиб-имам.

Қадір түнін қалай қарсы алу керек?

Қасиетті түнді қарсы алудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл түні мейлінше ұйқысыз Құран оқып, намаз санын арттыру абзал. Сонымен қатар жасаған күнәлары мен қателіктері үшін Құдайдан кешірім сұрап, дұға тілеу керек.

- Қадір түнді ораза ұстамаған немесе дінде хабары жоқ адамдарға, сондай-ақ намаз оқымайтындарға да қарсы алуға рұқсат етіледі. Егер де олар дұға тілеп, Құран оқыса – бұл олар үшін сауап болып есептелінеді, - дейді Айтуған Тойбазар.

Биылғы жылы коронавирус індетіне байланысты мешіттер түнгі уақытта жабылады. Қазіргі таңда облыстық «Қызылжар» орталық мешіті таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс жасайды. 

Естеріңізге сала кетейік, Рамазан айы 24 сәуірде басталып, 23 мамырға дейін созылады. Ал Ораза айт мерекесінің алғашқы күні мамырдың 24-іне белгіленді.

Читайте также: Мечеть Кызылжар: Мы не оставим нуждающихся в беде.

Зарина Файзулина

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#жаналықтар #петропавл жаналықтары #ско жаналықтар #кызылжар ско #кызылжар мешiтi

Комментарии

Объявления
live comments feed...