• Главная
  • Соңғы қоңырау дәстүрлі форматта 9 бен 11 сынып оқушылары үшін соғылады
соңғы қоңырау
14:46, 11 мая 2021 г.
Надежный источник

Соңғы қоңырау дәстүрлі форматта 9 бен 11 сынып оқушылары үшін соғылады

соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау дәстүрлі форматта 9 бен 11 сынып оқушылары үшін  соғылады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомство аппаратының жиналысында биыл соңғы қоңырау 25 мамырда дәстүрлі форматта тек 9 және 11 сынып түлектері үшін соғылатынын айтты, деп хабарлайды 7152.kzтілшісі.

Министрдің айтуынша  соңғы қоңырау 25 мамырда дәстүрлі форматта тек 9 және 11 сынып түлектері үшін соғылады. Өйткені олар биыл оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап оффлайн режимінде оқып келеді.

-Соңғы қоңырау шарасын 9 бен 11 сынып оқушыларына, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық алаңда өткізуге рұқсат беруді жоспарлап отырмыз, – деді Аймағамбетов ведомство аппаратының жиналысында.

Осыған байланыстыминистр мектеп директорларын, білім басқармалары мен білім бөлімдерін аталған іс-шараларды барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай ұйымдастыруға шақырды. Оған қоса, мектеп аумағында және ғимаратында әлеуметтік қашықтықты сақтауға мүмкіндік беретін таңбалауға тек бір ата-ана немесе заңды өкіл қатыса алады. Сондай-ақ, бетперде режимін сақтау қажет. Онлайн форматта оқитын балалар үшін соңғы қоңырау онлайн форматта соғылады.

Тағы да оқыңыздар: Әскери оркестр ардагерлерді мерекемен құттықтады

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #түлектер #соңғы қоңырау #25 мамыр

Комментарии

Объявления
live comments feed...