• Главная
  • Айыртау ауданында қашықтан білім беру үшін сатып алынған 177 ноутбук жоқ
қашықтан оқу
13:31, 19 мая 2021 г.
Надежный источник

Айыртау ауданында қашықтан білім беру үшін сатып алынған 177 ноутбук жоқ

қашықтан оқу
Айыртау ауданында қашықтан білім беру үшін сатып алынған 177 ноутбук жоқ

Мемлекеттік аудит өкілдері Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында қашықтан білім беру үшін сатып алынған 177 ноутбукты таппай қалды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісіinform.kzсілтеме жасап.

Мәлім етілгендей, министрліктің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 6 объектіде жүргізілген аудитті аяқтады.

-Айыртау ауданы әкімдігінің білім бөлімінде аудандық мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға республикалық бюджет есебінен жалпы сомасы 28 млн теңгеге сатып алынған 177 ноутбуктың жетіспейтіні анықталды. Тапшылықтың себебі – негізгі құралдардың сақталуы мен дұрыс пайдаланылуын нашар бақылау. Аудит материалдары құқық қорғау органдарына берілді, - деді ведомстводан.

Жалпы, 6 нысанда жүргізілген аудиторлық іс-шаралар барысында 80 268,7 миллион теңге сомасын құрайтын бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 39 119,6 миллион теңге, процессуалдық бұзушылықтар – 41 149,1 миллион теңге.

-4 объектіде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жалпы заңнама талаптарына сәйкес келеді. Ал 2 объектіде елеулі бұзушылықтармен жүргізіліп келген. Қаржылық есептіліктің аудиті қаржылық есептіліктің сенімділігін, дұрыстығын, бухгалтерлік есеп пен қаржылық жағдайын бағалау мақсатында жүргізілді, - деді министрліктен.

Тағы да оқыңыздар: Облыс әкімінің қосымша 50 гранты бөлінді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #Білім беру #қашықтан оқу #177 ноутбук жоқ

Комментарии

Объявления
live comments feed...