СҚО ПД
17:23, 9 июня 2021 г.
Надежный источник
Ауыл тұрғынынан қолдан жасалған гранаталар тәркіленді
СҚО ПД
Шал ақын ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 63 жастағы ауыл тұрғынынан ерекше арсенал тәркіледі. Сергеевкаға Тимирязев ауданынан келген азаматтан полиция пышақ пен металл түтіктерді тапты дейді 7152.kz тілшісі.
Тексеру барысында ер адамның үйінен жарылғыш құрылғылар жасауға арналған басқа да заттарды, сондай-ақ патрондар мен қолдан жасалған екі гранатаны тапты. Сараптама қолдан жасалған гранатаның жарылғыш құрылғылар және зақымдайтын әсері бар жауынгерлік керек-жарақтарға жататынын растады.
— Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, - деп хабарлайды Шал ақын ауданының ПБ бастығы Руслан Мұхамбетжанов.
Тағы да оқыңыздар:Өңірде егіс науқаны аяқталды
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:11
СКО и провинция Шэньси заключили меморандумы и контракт
Сотрудничество
14:06
13:19
12:42
ТОП новости
Объявления
10:08, 14 ноября
15:33, 8 ноября
live comments feed...
Комментарии