СҚО ПД
11:20, 12 июня 2021 г.
Надежный источник
Гербицид ұрлаған ауыл азаматтары ұсталды
СҚО ПД
Жамбыл ауданында екі механизатор гербицид ұрлаған, деп хабарлайды 7152.kzтілшісі.
Тәртіп сақшылары Жамбыл ауданында рейд өткізген. Түн ортасында олар Будённый ауылының маңында «ВАЗ-2107» автокөлігін тоқтатады. Көлікте ауданның 44 пен 38 жастағы мас екі тұрғыны болған. Полицейлер көліктің артқы орындығында мөрленген гербицид канистралары салынған қораптарды көргеді. Тексеру барысында оның аудандағы ЖШС біріне тиесілі екендігі белгілі болды. Ер адамның екеуі де шаруашылықта механизатор болып істейді. Олар дәрілеумен айналысқан, кейін гербицидтің қалған бөлігін жеке тұлғаларға сатуға келіскен. Келтірілген шығын 825 мың теңге. Аталған факті «Ұрлық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұдан бөлек, жүргізуші мас күйде көлік басқарғаны үшін жауап береді. Ол әкімшілік соттың шешіміне дейін арнайы үй-жайға қамалды. Ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін.
-Учаскелік полиция инспекторлары құқықтық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алумен байланысты көптеген міндеттерді атқарады. Бұл жолы «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысты. Барлығы ауданда 14 учаскелік полиция инспекторы және олардың 2 көмекшісі қызмет атқарады. Жыл басынан учаскелік инспекторлар 27 қылмысты ашып, 918 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, 21 мас жүргізушіні ұстады, - дейді ауданның ПБ бастығы Асан Мейрамов.
Тағы да оқыңыздар: Өзбекстан азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқан бригадир айыппұл төледі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:11
СКО и провинция Шэньси заключили меморандумы и контракт
Сотрудничество
14:06
13:19
12:42
ТОП новости
Объявления
15:33, 8 ноября
15:30, 17 ноября
10:08, 14 ноября
live comments feed...
Комментарии