COVID-20019
16:44, 21 июня 2021 г.
Елімізде «үнді» штамына тән болуы мүмкін мутация анықталды
COVID-20019
Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда «үнді» штамына тән болуы мүмкін мутация анықталғанын мәлім етті. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram арнасында жазылған, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
-Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейінің күрт өсуіне байланысты денсаулық сақтау министрлігі КВИ жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізді. Скрининг қорытындысына сәйкес, «Дельта» («үнді» штамы) штамына тән болуы мүмкін мутация анықталды, – дейді денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомство хабарлағандай, мутацияның болуы және оның «Дельта» штамына жататындығын нақты айту үшін ДНҚ үлгілерін толық геномдық секвенирлеу аяқталғанын күту керек. Оған қоса, «Дельта» коронавирус штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда жұқпалылығы 60 пайызға жоғары, қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады.
Сонымен қатар, індетті жұқтырғандар буындар мен іштің қатты ауырсынуын сезінеді, жүрек айнып құсады, ауру салдарынан адам саңырау болып қалуы әбден мүмкін және аяқтардың микротромбозына әкеледі.
-Соңғы зерттеулер көрсеткендей, коронавирустың «үнді» штамы ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің жоғары ықтималдығымен байланысты. Осыған орай денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығы мен жақындарының өміріне аса сақтықпен, жауапкершілікпен қарауды сұрайды. Инфекциядан қорғану мен ауруханаға жатудан аман қалудың бірден бір жолы – COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның толық курсын алу. КВИ-ге қарсы екпе алуға қарсы көрсетілімдері жоқ әрбір азаматқа қысқа мерзімде вакцина салдыруға кеңес береміз, – деп қосты министрлікте.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 20 маусымдағы мәліметтері бойынша SARS-CoV-2 «Дельта штамм» әлемнің 174 елінде анықталған.
Тағы да оқыңыздар:Вакцинацияланған азаматтарға «Аттракциондар әлемі» тегін билет береді
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:11
СКО и провинция Шэньси заключили меморандумы и контракт
Сотрудничество
14:06
13:19
12:42
ТОП новости
Объявления
15:33, 8 ноября
15:33, 8 ноября
12:30, 10 ноября
live comments feed...
Комментарии