COVID-2019
10:00, 29 июля 2021 г.
Надежный источник
Облыста кейбір ауылдар карантинге жабылуы мүмкін
COVID-2019
СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде аймақта коронавирус таралуы бойынша ағымдағы жағдай туралы брифинг өтті. Онда облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев, тұрғындар көп ауырған ауылдар карантинге жабылуы мүмкін дегенді айтты, деп хабарлайды7152.kzсайтының тілшісі.
- Еліміздің бірнеше өңірі карантин шектеуін күшейтіп, демалыс күндеріне локдаун енгізіп жатыр. Біз де сол қадамға баруға мәжбүр боламыз. Халық жағдайдың ушығып бара жатқанын әлі де түсінер емес. Облыстағы мейрамханалар мен дәмханаларға телефонмен хабарластық, сенбі-жексенбіге біреуі де бос емес. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес елімізде жаназадан басқа іс-шараларды өткізуге тыйым салынған, - дейді СҚО әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев.
СҚО-да мониторинг топтары өткен демалыстан бастап жаңа алгоритммен жұмысқа кірісті. Талапты бұзғандарға жаза күшейтіледі.Рұқсатсыз той-томалақ өткізіп жатқандардың ісі сотқа беріліп, талапты бұзған нысандардың жұмысы тоқтатылады. Қазір өңірде кей елді мекендерді карантинге жабу мәселесі қарастырылып жатыр.
-Қазір елді мекендер бойынша ауырғандар санын анықтап жатырмыз. Бұған дейін қолданылған тәжірибені қайта енгізетін боламыз. Яғни, тұрғындар көп ауырған ауылдарда жүріп-тұру шектеледі. Бұл өз нәтижесін береді, - деді СҚО әкімінің орынбасары.
Тағы да оқыңыздар:СҚО-да бір апта ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 1,3 есеге өсті
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
11:42
Рабочие профессии в тренде: в СКО дан старт масштабному проекту
Год рабочих профессий
10:25
20:04
Вчера
19:29
Вчера
ТОП новости
Горку в селе Бесколь Кызылжарского района североказахстанцы называют самой длинной в регионе
Новый год
Рабочие профессии - основа экономики СКО
Профессии
Объявления
15:16, 9 января
live comments feed...
Комментарии