• Главная
  • Оқушылар 1-ші тоқсанда қашықтан оқиды - фейк
Қашықтан оқу
11:15, 2 августа 2021 г.
Надежный источник

Оқушылар 1-ші тоқсанда қашықтан оқиды - фейк

Қашықтан оқу
Оқушылар 1-ші тоқсанда қашықтан оқиды - фейк

«Оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан білім алады», деген ақпарат жалған. ҚР Білім және ғылым министрлігі желіде таралған осы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі  ведомствоның Telegram каналына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады екен, бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді» - деген жалған ақпарат тарап жатыр. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды», делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыздар: Мониторинг топтар карантин бұзуға қатысты 555 фактіні анықтады

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #Білім беру #қашықтан оқу #фейк

Комментарии

Объявления
live comments feed...