• Главная
  • СҚО-да КВИ жұқтырған 48 адам жансақтау бөлімінде жатыр
COVID-2019
17:50, 5 августа 2021 г.
Надежный источник

СҚО-да КВИ жұқтырған 48 адам жансақтау бөлімінде жатыр

COVID-2019
СҚО-да КВИ жұқтырған 48 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Коронавирустық инфекцияның таралуы және вакцинация барысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Аймановтың айтуынша, инфекциялық стационарларда 754 адам ем қабылдап жатса, олардың 320-сы өздігінен демала алмайтын халде, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Аймановтың айтуынша, тек соңғы 3 аптаның ішінде сырқаттанғандар саны 4,5 есе өскен. Ауырғандар саны  754-ке жетті.

-Облыста 1715 инфекциялық орын бар. 44 %-ға қазір толық. Жансақтау бөлімшелерінде орын саны 2,2 есе артып, бүгінде 115-ке жетті. 48 адам жатыр, 42 %-ға толған. 11 адам өмір мен өлім арасында. Тағы 102-сі кез келген уақытта жансақтау бөліміне түсуі мүмкін, олар қазір қарқынды терапияда. Жалпы СҚО-да инфекциялық стационарлардың толымдылығы республика бойынша жоғары. Бізде ем алып жатқандардың барлығының жағдайы ауыр және аса ауыр. Демікпе, яғни өздігінен дем ала алмау, сатурация 93-тен төмен, өкпенің қабынуы, интоксикация – осындай белгілері болғанда ғана стационарға жатқызамыз. Яғни қазіргі 754 адам өмір үшін күресіп жатыр, - дейді Нұрлан Айманов.

Маманның айтуынша, маусым айының соңына қарай стационарлар тәулігіне 18 адамнан қабылдаса,  қазір 92-95 адамға дейін түседі. Стационарда жатқандардың 42-сі бала. Ал,165 бала үйде, дәрігерлердің бақылауында. 

Тағы да оқыңыздар:Полицейлер педофилді іздестіруде

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #карантин #COVID-2019

Комментарии

Объявления
live comments feed...