• Главная
  • 17 мектепте күрделі жөндеу қыркүйекке дейін аяқталмауы мүмкін
БІЛІМ БЕРУ
15:05, 9 августа 2021 г.
Надежный источник

17 мектепте күрделі жөндеу қыркүйекке дейін аяқталмауы мүмкін

БІЛІМ БЕРУ
17 мектепте күрделі жөндеу қыркүйекке дейін аяқталмауы мүмкін

Облыста мектептердің жаңа оқу жылына әзірлігі, оларда жылы дәретханалар мен бейнебақылау жүйесінің болуы тексерілді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мәліметінше, өңірде 462 мемлекеттік мектеп тексерілді. Кей білім ордаларының талапқа сай жұмыс істемейтіні анықталды. Соның бірі – мектептерде ыстық тамақтың ұйымдастырылмауы.

-Бұл мәселе негізінен ауылдың шағын комплектілі және негізгі мектептерінде бар. Кәсіпкерлер үшін мектеп асханасын ұстау - тиімсіз. Тағы бір мәселе – медициналық кабинеттердің болмауы. Оған медициналық кадрлардың жетіспеушілігі себеп. 9 мектепте мүлдем арнаулы кабинет қарастырылмаса, 130-ында қызмет медициналық ұйыммен келісімге отыру арқылы жүргізіледі, - дейді департамент мамандары.

Биылға жоспарланған күрделі жөндеу 17 мектепте мерзімінен кеш басталған. Салдарынан жұмыстар жаңа оқу жылына дейін аяқталып үлгермеуі мүмкін. Алайда барлық мектеп интернетке қосылған, компьютерлер бар. Бірақ кейбірінде оның жылдамдығы өте төмен болғандықтан жұмыс істеу қиын. Сондай-ақ білім ордалары 100% ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесімен қамтылған. Алайда оның басым бөлігі бекітілген техникалық талаптарға сай емес.

-Облыстағы 73 мектеп бейімделген ғимаратта орналасқан. Олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуы нашар. Талапқа сай болуы үшін қосымша оқу кабинеттері қажет. Дәретханалар барлық мектептерде бар, кейбіріне су тартылмаған, кабинкалар жоқ және жынысына қарай бөлінбеген. Кешенді мониторинг қорытындысы жергілікті атқарушы органдарға жіберілді, - дейді департамент қызметкерлері.

Тағы да оқыңыздар: COVID-2019: Ресей мен Үндістанда КВИ-ден көз жұмғандар саны өсті

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #білім беру #мектепті жөндеу

Комментарии

Объявления
live comments feed...