• Главная
  • Петропавл мектептеріне «Ashyq» жобасы енгізіліп жатыр
«Ashyq» жобасы
17:40, 9 августа 2021 г.
Надежный источник

Петропавл мектептеріне «Ashyq» жобасы енгізіліп жатыр

«Ashyq» жобасы
 Петропавл мектептеріне «Ashyq» жобасы енгізіліп жатыр

СҚО бас санитариялық дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында, облыс орталығындағы мектептерге  «Ashyq» жобасы енгізілетін болады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

5 тамыздан бастап Петропавл қаласының № 27 жалпы білім беретін орта мектебіне QR – кодты сканерлеу немесе өзіңіздің ЖСН ұсыну арқылы ғана кіруге болады.Мектепке тек жасыл немесе көк мәртебесі бар азаматтар ғана кіре алады. Мектеп директорының айтуынша, барлық мұғалімдер мен техникалық қызметкерлер вакцинаның екі компонентін де алған.

1 қыркүйектен бастап ата-аналар оқу орнына кіре алмайды. Сұрақтары болған жағдайда, тек QR – кодты сканерлеп қана кіре алады. Олай болмаса, бізде вахтада отырған маманға ЖСН айтып, статусын көрсетіп өте алады,-Гүлбарам Ибраева, №27 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры

«Ashyq» жобасына облыста 2026 нысан қатысқан. Оның 843-і қосымшаны пайдаланушы, ал 1183 нысан тесттік режимде жұмыс істеп жатыр. Жобаға қосылушылар саны көбейгенімен, олардың барлығы бірдей қосымшаны сапалы түрде қолданбайды. Салдарынан 150 нысан уақытша жобадан шығарылды. Оның 19-ы кәсіпкерлік нысан, ал қалғаны түрлі мемлекеттік мекеме.

Тағы да оқыңыздар:Облыс әкімі коронавирусқа қарсы екпе салдырды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #білім беру #қашықтан оқу#«Ashyq» жобасы

Комментарии

Объявления
live comments feed...