ЖАЛҒАН АҚПАРАТ
10:05, 16 августа 2021 г.
Надежный источник
«50 мың теңге сыйақы»: Әлеуметтік желіде тараған ақпарат жалған
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ
Әлеуметтік желіде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 50 000 теңге мөлшеріндегі сыйақымен сауалнама жүргізетіні туралы хабар жалған. Бұл туралы ведомство ресми сайтында жазды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
-Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралып жатқан, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 50 000 теңге мөлшеріндегі сыйақымен сауалнама жүргізетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді- делінген хабарламада.
Министрлік мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға ешқандай сауалнама жүргізбейтінін жазды.
-Азаматтарға алаяқтар мұндай хабарламаларды шоттар мен банктік шоттарға қол жеткізу үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз. Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін ешбір жағдайда күмәнді сілтемелерге өтпеуіңізді және онда өзіңіздің жеке деректеріңізді қалдырмауыңызды сұраймыз. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз- деп ескертті ведомство.
Тағы да оқыңыздар:Тамыз айында мектеп жасындағы 128 бала коронавирус жұқтырды
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
14:21
13:00
11:17
ТОП новости
live comments feed...
Комментарии