АЛИМЕНТ
16:25, 17 августа 2021 г.
Надежный источник
СҚО-да ата-аналар балаларына 400 млн теңге қарыз
АЛИМЕНТ
Облыста 6165 адам алимент төлейді. Оның 243-і жылдап ақша төлемей жүр, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Жеке сот орындаулышалары мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесе атқарған жұмыстарының арқасында алимент төлеуден жалтарып жүргендердің саны бір жылда 771-ден 243 адамға дейін азайған. Балаларына берешек сомасы 400 млн тг.
-Алимент төлемеушілерге түрлі шаралар қолданылып жатады. Нотариалдық іс-әрекеттерге, борышкердің мүлкіне, екінші деңгейдегі банктердегі шоттарға шектеу қойылады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыға алмайды. Сондай-ақ, іздеу салынады. Мұндай шараларға қарамастан қарыздарын әлі күнге дейін өтемей жүргендер бар- дейдіСҚО Әділет департаментінің бөлім басшысы Ақлима Бекенова
Сондай-ақ, заң бойынша борышкерлерді автокөлік құралын басқару құқығынан айыруға болады. Биыл осылайша 73 азамат жүргізуші куәлігінен айырылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 139 бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке 68 борышкер тартылып, 29-ы қамауға алынды. 39 адам айыппұл төледі. 149 адамның ісі ішкі істер органдарына жіберілді.
Тағы да оқыңыздар:«50 мың теңге сыйақы»: Әлеуметтік желіде тараған ақпарат жалған
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
11:21
31 декабря 2024 г.
10:38
31 декабря 2024 г.
09:56
31 декабря 2024 г.
20:00
30 декабря 2024 г.
18:23
30 декабря 2024 г.
В Петропавловске распахнул двери новый детсад
Детский сад
17:31
30 декабря 2024 г.
16:20
30 декабря 2024 г.
15:06
30 декабря 2024 г.
ТОП новости
В Петропавловске распахнул двери новый детсад
Детский сад
Объявления
11:01, 23 декабря 2024 г.
live comments feed...
Комментарии