ВАКЦИНАЦИЯ
15:25, 18 августа 2021 г.
Надежный источник
Қытайлық «Sinopharm» вакцинасы өңір тұрғындары үшін қолжетімді
ВАКЦИНАЦИЯ
Қытайлық «Sinopharm» шығарған коронавирусқа қарсы вакцина солтүстікқазақстандықтар үшін қолжетімді препараттар қатарын толықтырды. Өңірге 13,5 мың доза келді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
СҚО Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, облысқа жеткізілген алғашқы партия медициналық мекемелер арасында бөлінген және халық үшін қолжетімді.
«Синофарм» қытайлық вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы2021 жылдың 7 мамырында қолдануға мақұлдады. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Шілде айында қытайлық компанияның COVID-19 препараты COVAX вакциналар банкіне кірді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл ДДҰ қауіпсіз және тиімді деп жіктелген алғашқы қытай препараты, 45 елде ересектерге вакцинациялауға рұқсат етілген. Бүгінгі таңда Қытайдан басқа, вакцина БАӘ мен Сербияда өндіруге мақұлданды. Сонымен бірге, Қытай мен БАӘ Қытайдың Sinopharm фармакологиялық компаниясының инактивтендірілген вакцинасын 3 пен 17 жас аралығындағы балаларға шұғыл қолдануды мақұлдады.
КВИ-ға қарсы вакцинациямен ең көп қамту Қазақстанның алты өңірінде, оның ішінде СҚО-да байқалады. Бүгінгі таңда 215 мыңнан астам солтүстікқазақстандықтар бірінші компонентке, ал 180 мыңға жуық азамат толық вакацинация курсынан өтті.
Тағы да оқыңыздар: Алаяқтарға алданатындардың басым бөлігі әйелдер
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
11:35
В СКО проводят аэрацию водоемов
Аэрация
10:26
09:11
В СКО в 2024 году постоянной работой были обеспечены более 4,5 сотен людей с инвалидностью
Трудоустройство
18:12
Вчера
16:31
Вчера
ТОП новости
Карьерный центр: почти тысяча рабочих требуется в Петропавловске
Ярмарка вакансий
На этой неделе казахстанцы аплодировали правосудию
Обзор казахской прессы
Объявления
19:20, 24 января
15:51, 28 января
56
15:51, 28 января
45
live comments feed...
Комментарии