
COVID-2019
13:20, 19 августа 2021 г.
Надежный источник
Мониторинг топтар екі апта ішінде облыс бойынша 142 рейд ұйымдастырған
COVID-2019

Мониторингтік топтар Петропавл мен 13 ауданда соңғы екі аптада 142 рет рейдке шыққан, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісі Әсет Жұматаевтың айтуынша, мониторингтік топтар екі аптаның ішінде 1,5 мыңға жуық нысанды тексерген. Осы аралықта 1433 нысанды тексеріп, 30-ында карантин шектеулерін бұзу деректері анықталды.
Қызылжар мен Ғабит Мүсірепов атындағы екі ауданнан басқасында мониторингтік топтардың жұмыс нәтижесі көрінбейді. Жалпы осы аралықта әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 38 хаттама толтырылды. Оның 35-і жеке тұлғаларға, 3-уі – жеке кәсіпкерлерге қатысты. Айыппұлдың ортақ мөлшері – 2,7 млн теңге, - дейді Әсет Жұматаев.
Үй карантинін бұзғандар да бар. Олар Ashyq арқылы анықталып, жауапқа тартылып жатыр. Қазір СҚО-дағы 2100-ден астам нысан Ashyq жобасына қосылған. Оның ішінде сауда орындары, ойын-сауық орталықтары, медициналық және мемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлік нысандары және т.б. бар. Қосымшаны орнатқан нысанға кірмек болған 12 адам жазаланды. Олардың есімдері БАҚ-та жарияланды, дейді Әсет Жұматаев.
Тағы да оқыңыздар: Аса ірі көлемде есірткі сақтаған жігіт үш жылға сотталды
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
15:51
Вчера
19:46
18 апреля
19:03
18 апреля
В Петропавловске состоялась встреча Клуба женщин - политиков
Клуб женщин - политиков
18:12
18 апреля
Молодежь Кызылжарского района СКО демонстрирует приверженность к спорту
Кызылжарский район
17:21
18 апреля
ТОП новости
Объявления
live comments feed...
Комментарии