СҚО ПД
18:20, 26 мая 2021 г.
Надежный источник
ІІМ СҚО-да аулалар мен алаңдарда жаяу патрульдеуді күшейтуді тапсырды
СҚО ПД
ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев пен Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды.Ішкі істер министрлігінің басшысы аулалар мен алаңдарда жаяу патрульдеуді күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Жұмыс сапары барысында ІІМ Ерлан Тұрғымбаев пен Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов облыс прокуратурасында болып, онда ведомствоаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар жаңа жағдайда тиімді жұмыс істеу үшін бірінші кезекте техникалық жабдықтауды жетілдіру, сонымен қатар заманауи цифрлық ресурстарды енгізу қажет екенін баса айтты. Сондай-ақ, Ерлан Тұрғымбаев полицияны реформалаудағы негізгі принциптерді іске асыру жөніндегі Мемлекет басшысының берген тапсырмаларының орындалуымен танысты. Ведомство басышы “жұртқа жақын полиция” қағидатын дамытудың маңызды факторы криминогенді деп саналатын және адам көп жүретін учаскелерге модуль үлгісіндегі стационарлық бекеттер орнату болып табылатынын баса айтты. Петропавлда адамдардың жаппай жиналатын орындарына, оның ішінде сауда-көңіл көтеру орталықтарына жақын жерде осындай 2 модуль жұмыс істейді. Олар жұмыс істеген уақыттан бері өз тиімділігін көрсетті. Петропавлдықтар бұл жерге кеңес алу үшін де, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша да жүгінген. Ерлан Тұрғымбаев СҚО-да осындай тағы 4 бекет орнату қажеттігін атап өтті. Заманауи функционалы бар жеке үй-жай патрульдік полицейлерге қызмет атқаруына және тәулік бойы азаматтарды қабылдауға ыңғайлы. Сонымен қатар, ІІМ басшысы полицияның, оның ішінде жаяу патрульдердің есебінен тұрғын үйлердің аулаларында, саябақтарда, скверлерде полицияның тұрақты болуы тиімділігін қамтамасыз ете отырып, көшелерде қызмет атқару тәртібін қайта қарауды тапсырды. Сондай-ақ, Ерлан Тұрғымбаев азаматтарды жеке қабылдауды өткізіп, жеке құраммен кездесті. Ол СҚО Ресей Федерациясының Қорған, Түмен және Омбы сияқты үш облысымен шектесетін облыс екендігін атап өтті. Осыған байланысты, министр заңсыз көші-қонмен, интернет алаяқтықпен, мал ұрлығымен, синтетикалық есірткілерді таратумен байланысты мәселелерді ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды. Аталған қылмыс түрлері трансшекаралық сипатқа ие және бұл қылмыстармен күресу үшін шетелдік әріптестермен тығыз іс-әрекет жасасу қажет деп атап өтті.
Тағы да оқыңыздар: Тағы да шектеу шаралары енгізіледі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
14:50
09:11
18:54
Вчера
ТОП новости
Объявления
12:30, 10 ноября
10:08, 14 ноября
live comments feed...
Комментарии